2022 жылғы 23 қыркүйекте Орал қаласында Ресей Федерациясының шекаралас өңірлерінің өкілдерімен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен, өңірдің шаруа қожалықтары басшыларымен, ғалыми-аграршылар және шетелдік инвесторлардың қатысуымен “WestKazInvest-2022” халықаралық инвестициялық форумы өтті.
Форум аясында қатысушылар мен қонақтар үшін біздің өңірдің және Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының тауар өндірушілерінің көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге, мұнай-газ секторына, IT-технологияларға инвестициялар тарту бойынша панельдік секциялар жұмыс істеді.
“WestKazInvest-2022” халықаралық инвестициялық форумына БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының ғалымдары, студенттері мен магистранттары белсенді қатысты. Олар инженерлік-гуманитарлық факультеттің білім беру бағдарламалары туралы жарнамалық материалдарды, сондай-ақ кафедра ғалымдары ветеринария және ауыл шаруашылығы саласында жүргізіп жатқан ғылыми зерттеулер туралы, өңір фермерлері үшін ауыл шаруашылығы жануарларын өсімін молайту саласында біліктілікті арттыру курстарын өткізу туралы ақпаратпен буклеттерді ұсынды. ПОҚ мен білім алушылардың форумға қатысуы өңірдің инвестициялық жобаларымен танысуға, сондай-ақ тәжірибе алмасуға және сыртқы стейкхолдерлермен ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік берді.

