Ветеринария білім беру бағдарламасының магистранттарына арналған «Жануарлардағы ауруларды балаудағы жасанды интеллект» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара барысында жасанды интеллект технологияларын қолданудың заманауи бағыттары, диагностикалық дәлдікті арттырудағы мүмкіндіктері және ветеринарлық тәжірибедегі тиімділігі жан-жақты талқыланды.

Жасанды интеллект (ЖИ) медицина мен биотехнологияның әртүрлі салаларына қарқынды түрде енуде және ветеринария да бұл үрдістен тыс қалмаған. Интеллектуалды жүйелер күнделікті процестерді автоматтандыруға, диагноз қою мен болжаудың дәлдігін арттыруға, сондай-ақ жануарларды күту сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Магистранттар ауруларды ерте анықтау, деректерді сараптау, бейнелер мен медициналық жазбаларды автоматты өңдеу салаларындағы ЖИ-ті қолдану тәсілдері туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, нақты клиникалық жағдайлар мысалында жасанды интеллект жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды.

Дөңгелек үстел интерактивті форматта өтіп, магистранттардың қызығушылығын арттырып, ғылыми-зерттеу мен практикалық қызметтегі ЖИ-тің болашағы туралы пікір алмасуға жол ашты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.