17 сәуірде БҚИТУ мен БҚО адвокаттар алқасымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандумның  және Құқық кафедрасының 2-3 курс білім алушыларына арналған жұмыс жоспарына сай, 6В04207 Сот-прокурорлық қызмет білім беру бағдарламасы бойынша БҚО адвокаттар алқасының төрағасы, “Қазақстан Республикасы Адвокатурасының еңбек сіңірген қызметкері” Калиев Ержан Насимуллиновичтің ” Азаматтық заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері” тақырыбы бойынша қонақ дәрісі өткізілді.

Дәріскер білім алушыларға Соттардың азаматтық заңнаманы қолдану тәжірибесі, процеске қатысушылардың арасында туындайтын құқықтық даулар және азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша, оларды қарау тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Алқа төрағасы адвокаттар алқасының құрылымы мен міндеттеріне тоқталды, бүгінде біздің облыста оның штатында 232- адвокат жұмыс істейді. Адвокатураға жұмысқа орналасу кезіндегі қажетті біліктілік талаптары, олардың қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, экономикалық істер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың Конституциялық құқықтарын қорғаудағы үлкен рөлі туралы айтып берді.

Ержан Насимуллинович студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып, өзінің студенттік жылдары, Қиыр Шығыста адвокат және судья болып жұмыс істеген алғашқы жылдары, 1987 жылы Саратов заң институтын бітіргеннен кейін және одан әрі облысымыздағы Бөрлі ауданы сотының адвокаты, судьясы, төрағасы қызметін атқарғанын әңгімеледі.

Кездесу соңында кафедра меңгерушісі Ж. К. Толеугалиева кафедраның барлық ПОҚ-ы және білім алушылар атынан Ержан Насимуллиновичке зор денсаулық пен жұмыста табыс тілеп, мазмұнды дәрісі үшін алғысын білдірді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz