2025 жылдың 16 сәуірінде Педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Авторлық куәлік алу тәртібі» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараны Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасы ұйымдастырды. Семинар модераторы – ЭАЕТ кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушы Утешева Г.Ш.
Семинар барысында авторлық куәлік алу алгоритмі, қажетті құжаттар тізімі, ғылыми және әдістемелік жұмыстардың нәтижелерін рәсімдеу талаптары мен өтінім беру ерекшеліктері сияқты өзекті мәселелер қарастырылды. Қатысушылар зияткерлік меншікті қорғауға қатысты ережелер мен рәсімдер туралы пайдалы ақпарат алып, авторлық материалдарды рәсімдеуге байланысты практикалық ұсыныстармен танысты.
Мұндай семинарлар оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметіндегі құқықтық сауаттылығын арттыруға, авторлық жұмыстарды ресми тіркеуге ынталандыруға және ғылыми-әдістемелік белсенділікті дамытуға септігін тигізеді.

