2026 жылғы 14 қаңтарда «Кафедраның ветеринария, техносфералық қауіпсіздік және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы дамуының негізгі ғылыми бағыттары мен қызметінің перспективалары» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының оқытушылары белсенді қатысты.
Ғылыми семинардың мақсаты – қатысушылар арасында кәсіби байланыс орнатып, білім мен тәжірибе алмасуға жағдай жасау, сондай-ақ зерттеушілерге ғылыми кері байланыс пен қолдау көрсету.
Семинар барысында докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша есептері тыңдалып, кафедраның шаруашылық келісім-шарт аясында орындалып жатқан ғылыми тақырыптары бойынша есептер ұсынылды. Ғылыми семинарлар білім мен ғылымды дамытудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және оқытушылардың ғылыми тәжірибемен алмасуына, сондай-ақ қатысушыларды заманауи әрі перспективалы зерттеу бағыттарымен таныстыруға мүмкіндік береді.


