14 қантар күні Н.Назарбаева даңғылы 194 мекен жайында орналасқан Білім және менеджмент институтының спорт кешенінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлер арасында «Денсаулық-2026» спартакиядасының ашылу салтанатты өтті. Бұл спорттық іс-шара жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі.

Жарыстың басты мақсаты – ұжым арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, бұқаралық спортты дамыту және университет бөлімшелері арасындағы ынтымақтастық пен командалық рухты нығайту болып табылады.

Ашылу салтанатында университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Аянбек Абекешев қатысушыларды спартакиаданың басталуымен құттықтап, «Дені сау ұлт — ел болашағы» екенін ерекше атап өтті. Білім және менеджмент институтының директоры Асет Сембаевич  Тасмагамбетов бұл доданың ұжымдық бірлікті арттырудағы рөлін ерекше атап өтіп, спортшыларға жігер беріп, жеңіске деген талпыныстарына сәттілік тіледі.

Қысқы спартакиада университеттің жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылған. Жарыс 2026 жылдың 14–16 қаңтар аралығында Білім және менеджмент институтының спорт кешенінде және «Динамо» СК базасында өтеді.

Спартакиада аясында университеттің әкімшілік, институттардын  кафедралары мен құрылымдық бөлімшелерінен құралған командалар 8 спорт түрі (волейбол, дойбы, тоғызқұмалақ, асық ату, көңілді эстафета, арқан тарту, үстел теннисі, шаңғы эстафетасы) бойынша бақ сынауда. 

Құрметті әріптестер, сіздерді қыстың ең қызықты әрі пайдалы спорттық іс-шарасына қатысуға шақырамыз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz