Салалық технологиялар институты мен  Көлік және технологиялар кафедрасының ұжымы техника ғылымдарының кандидаты Чурикова Лариса Алексеевнаны 20700 — «Энергетика және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағының берілуімен шын жүректен құттықтайды.

Ғылыми атақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2025 жылғы 21 қазандағы № 1913 бұйрығымен берілді.

Бұл жоғары жетістік — көпжылдық жемісті ғылыми-педагогикалық қызметтің, ғылымды дамытуға және жоғары білікті мамандарды даярлауға қосқан елеулі үлестің нәтижесі.

Лариса Алексеевнаға зор денсаулық, кәсіби қызметінде табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен барлық шығармашылық жоспарларының жүзеге асуын тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz