2023 жылдың 19-21 сәуір аралығында «Сәулет және құрылыс» кафедрасы 6В07303-«Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері «Геодезист» командасы құрамында Бауыржанов Ердос Муратович, Саин Мерхат Махатұлы, Зарифов Нұрбол Нұрлыбекұлы, жетекшісі аға оқытушы, ж.о.ғ.м. Ихсанова С.А. Алматы қаласында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде өткен XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың ІІ кезеңіне белсенді қатысып сертификаттармен марапатталды.


