2025 жылы қаңтар айының 29-ы «AMANAT» партиясы жанындағы Жастар Рухы Жастар қанаты қоғамдық бірлестігі университетіміздің студенттерімен кездесті. Кездесуде Батыс Қазақстан облыстық филиалының төраға орынбасары Шамғали Ерлік Мерекеұлы және проект бойынша менеджері Сисенғалиев Аслан Махамбетұлы, менеджері Сабыржан Дарханбекұлы сөз алып, университетімізден «Жастар Рухы» бөлімшесі ашылғанын хабарлап және оған жетекші ретінде «Тарих» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Есенқосов Майрамбай Төреханұлын тағайындалды. Жиын барысында студенттік кезеңде біліммен қоса қоғам белсендісі болудың маңызды тұстары айтылып, бөлімшенің алға қойған жоспар-мақсаттарымен бөлісті. Алдағы уақытта бірлестік жұмысына сәттілік тілейміз!


