2025 жылдың 29 қаңтарында Бәйтерек ауданының Янайкино ауылындағы Батурин орта мектебінде, Көшім ауылындағы Көшім орта мектебінде және Щапов ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектепте түлектермен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты — мектеп бітірушілеріне кәсіптік бағдар беру және мамандық таңдау жолында дұрыс шешім қабылдауға көмектесу. Шараға Салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің жетекші маманы К.К. Жанияров, сондай-ақ «Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» және «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері Филиппов Д.В. мен Ляхова Е.А. қатысып, институт жайлы толық ақпарат берді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz