2025 жылдың 29 қаңтар күні БҚИТУ Білім және менеджмент институтында № 12 ЖОББМ-ің 11 сынып оқушыларына ашық есік күні өтті. Кездесу барысында БҚИТУ Білім және менеджмент институтының кәсіби бағдар беру маманы Р.С. Ислямов барлық білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат берді. Институттың арнайы мамандандырылған кабинеттер бойынша танымдылық экскурсия өткізілді.