2024 жылдың 8-қарашасында БҚО тарихи-өлкетану музейінде соғыс және еңбек ардагері, Кеңес Одағының батыры Жақсығұлов Садық Шәкелұлының туғанына 100 жыл толуына орай «Ел намысын биік ұстаған батыр» атты көрменің салтанатты ашылуына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық  тарихи-өлкетану музей қызметкерлері Садық Шәкелұлының өнегелі өмірі, ел үшін жасаған өлшеусіз ерлігі, қажырлы еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті. Садық Шәкелұлының ұрпақтары естеліктерімен бөлісіп, қалалық кітапхана мамандары, БАҚ өкілдері мен музей қызметкерлері көрменің ашылу салтанатына көрермен ретінде ой бөлісті.

Шараға қатысқан білім алушылар облыстық музей қоры негізінде жабдықталған «Ел намысын биік ұстаған батыр» атты көрмемен танысып, соғыс және еңбек ардагері Садық Шәкелұлының өмірі жайында көп мағлұматтар алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz