2024 жылдың 11-қарашасында БҚИТУ Білім және менеджмент институтында басталған сапа апталығы аясында аға оқытушы, заң ғылымдарының магистрі Жайлибаева Ж.М. және заң ғылымдарының кандидаты Куставлетов Х.М. «Тарих және құқық» кафедрасының қонақтары мен «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 1, 2, 4 курс студенттері үшін ашық бинарлық сабақ өткізді.

Сабақтың негізгі мақсаты: «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы», «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы», «Отбасы құқығы», «Прокурорлық қадағалау», «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы», «Прокурорлық қадағалау» пәндері бойынша өтілген материалдарды бекіту, сот ісін жүргізуді реттейтін құқық салалары саласындағы қолданыстағы заңнама нормалары және болашақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің сот құжаттарын дайындау және сот ісін жүргізу дағдыларын дамыту.

 Сабақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін және басқа да құқықтық актілерді пайдалана отырып, сот отырысы залында азаматтық сот ісін жүргізудің симуляциясы түрінде өткізілді. 1, 2, 4 курс студенттері арасында қаралып жатқан іс бойынша сот өндірісіне қатысушылардың рөлдері таратылды. Процеске қатысушылар азаматтық сот талқылауын ашқан судья, кәмелетке толмағанның атынан әрекет еткен прокурор, талапкер, жауапкер, талапкер мен жауапкердің өкілдері, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, балалар үйінің директоры рөлдеріне бөлінді. Істің сюжеті кәмелетке толмағанның мүдделерін ескере отырып, некені бұзу және мүлікті бөлу туралы талап арыз болып табылады. Сот отырысының нәтижелері бойынша азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті шешім шығарылды.

 Ашық сабаққа тәжірибе алмасу мақсатында М.Өтемісов атындағы БҚУ «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттері қатысты.

 Жалпы, бинарлық сабақ өз мақсатына жетті. “Құқық қорғау қызметі” білім беру бағдарламасының студенттерінің белсенді қатысуы мен дайындығы өткен материалдың меңгерілгенін және сот тыңдауына дайындық кезінде нормативтік-құқықтық базаны пайдалана алатындығын көрсетті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz