Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған «Sanaly urpaq» жобасы аясында бекітілген 2025 – 2026 оқу жылының жоспарына сәйкес «Университет дамуы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу: ашықтық пен жауапкершілік мәдениеті» тақырыбында 26 – 27 қараша аралығында университет әкімшілігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес мүшелерімен бірлесіп институттардың профессорлық-оқытушы құрамы, қызметкерлермен кездесулер өтті.
Университет ректоры Б.Т. Шакешев жиынды бастап, кездесудің университеттің дамуы, сапалы білім беру, академиялық орта және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмысты талқылайтын маңызды алаң екендігін жеткізді. Түпкі мақсат сапалы білім, таза орта, әділ бағалау екендігін атап өте келе, сапа және академиялық адалдық принциптерінің негізгі бағыттары бойынша ақпарат берді.
Бірінші және оқу әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың м.а. С.А.Машанова қысқы емтихан сессиясы жөнінде, студенттер және магистранттардың қысқы қорытынды аттестациясы қарсаңында университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін негізгі тәуекелдер мен қажетті шараларды атап өтті. Сессия кезінде барлық рәсімдердің сақталуына қатаң бақылау жасауды, емтихан үдерісінің ашықтығы, әділдігі және бірізділігі қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың және оқу нәтижелеріне деген талаптарын орындаудың басты шарт екендігіне тоқталды.
Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен өткен кездесу барысында ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор И.Н.Жұбантаев Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын ғылыми жобаларды іске асырудағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қаржылық тәртіпті сақтау сияқты маңызды мәселелер қарастырылғанын жеткізді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тікелей бұзушылықтар түрінде ғана емес, негізсіз шешімдер немесе мүдделер қақтығысы арқылы да көрініс табуы мүмкін екеніне назар аударыып, сондықтан мұндай әрекеттерге төзбеушілік мәдениетін қолдау маңызды екендігін атап өтті.
Тәрбие ісі жөніндегі проректор А.И.Абекешев өз сөзінде Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес екендігін атап өтті, сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік құбылыс ретінде адам өмірінің барлық салаларына теріс әсер етіп, әлеуметтік-экономикалық даму процесін тежейтінін, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына тоқыратып, ел дамуына елеулі қауіп төндіретінін жеткізді.
Университеттін даму стратегиясында Академиялық адалдық және парасаттылық бағытында құрастырылған және сайтта ашық түрде орналастырылған тиісті құжаттарды қолданысқа алып студенттерге таныстыру мақсатында жеткізуді ұсынды.
Студенттік ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында тәрбие жұмысының жоспарына сай келесі бағыттар бойынша өткізілетін шаралар бақылауда болатынын атап кетті:
- Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарын профилактика жұмысына тарту;
- «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының белсенділігін арттыру;
- Талқылау, пікірталас, кездесу форматтарын кеңейту.
- Студенттерге арналған құқықтық, этикалық тренингтер өткізу.



