2025 жылдың 26 қарашасында университетіміздің Мұнайгаз инженериясы кафедрасының аға оқытушы, т.ғ.м. С.С. Тулемисованың “BOPPPS және CLIL: кіріктірілген сабақ құрылымын тиімді жоспарлау” тақырыбындағы өте маңызды және танымдық шеберлік сыныбы (мастер-класс) сәтті өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – қазіргі білім беру үдерісіндегі инновациялық әдістемелерді – BOPPPS моделі, CLIL технологияларын тиімді қолдану арқылы заманауи, бәсекеге қабілетті кәсіби кадрларды даярлау сапасын арттыру болды. С.С. Тулемисова шеберлік сыныбы барысында теориялық білімді практикалық мысалдармен және интерактивті тапсырмалармен ұштастырып, оқытушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Қатысушылар өздерінің сұрақтарына толыққанды жауаптар алып, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруге мүмкіндік алды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz