2025 жылы 15 сәуір күні, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының 6В11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын 2,3 курс студенттері,аға оқытушы Габдрахим Л.Р. жетекшілігімен Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағына барды.
Тәжірибеге бағдарланған сабақ барысында жедел-құтқару жасағының қызметкерлері заманауи авариялық-құтқару жабдықтары мен жеке қорғану құралдарын көрсетті, түрлі төтенше жағдайлар кезінде құтқару операцияларын жүргізудің ерекшеліктері туралы айтты. Студенттер құтқарушылардың күнделікті қызметі, олардың дайындығы, табиғи және техногендік апаттар жағдайындағы іс-қимылдары туралы білді.
Өрт қауіпсіздігі, алғашқы көмек көрсету мәселелеріне, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Студенттер кәсіпқойлардың жұмысын бақылап қана қоймай, мамандардың бақылауымен гидравликалық авариялық-құтқару құралымен жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
Тәжірибеге бағдарланған сабақ студенттердің қызығушылығын тудырды, олар сұрақтар қойып, көргендерін талқылады және ТЖД ұйымдастырушысы мен қызметкерлеріне құнды және танымдық кездесу үшін алғыстарын білдірді. Өткізілген іс-шара жарқын әсер қалдырды және болашақ мамандардың өмір қауіпсіздігі бойынша кәсіби бағдарлануындағы маңызды кезең болды.


