2022 жылдың 25 қарашасында университеттің ғылыми-техникалық кеңесі ұйымдастырған профессор-оқытушылар құрамымен кездесу өтті. Кездесу 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі) конкурсына қатысу үшін өтінімдерді дайындауға арналды.

Филология ғылымдарының докторы, профессор М.Б. Сабыр кіріспе сөз сөйлеп, гранттарды қаржыландыруға арналған конкурстар ғылыми зерттеулерді ілгерілетуде, инновацияларды ынталандыруда, зерттеу әлеуетін арттыруда, білім беруге жәрдемдесуде, жас зерттеушілерді қолдауда шешуші рөл атқаратынын, ғылыми-техникалық прогресті ынталандырудың және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесудің маңызды тетігі болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ кездесуде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2022-2024 жылдарға арналған мақұлдауын және қаржыландыруын алған «Цифрлық білім

беру технологияларын интеграциялау негізінде жоғары білім берудегі аралас оқытудың педагогикалық дизайны» атты жобасының ғылыми жетекшісі болып табылатын педагогика ғылымдарының докторы, профессор С.М. Бахишева сөз алды. С.М. Бахишева гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысу үшін құжаттарды беру ерекшеліктері туралы айтып, оқытушылардың өзекті сұрақтарына жауап берді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz