2023 жылдың 18 қазан күні 6В07101 – Көлік, көлік техникасы және технологиялары білім беру бағдарламалары бойынша 2 курс білім алушыларына «тракторшы – машинист» куәлігін алу үшін 3 ай мерзімінде күндізгі оқыту нысаны бойынша 455 сағаттық көлемінде теориялық және өндірістік оқыту, өндірістік практика курсын толықтай аяқтап, өздігінен жүретін машиналарды басқаруға рұқсат берілетін «А», «В» және «Г» санаттарының «тракторшы – машинист» куәлігі табыс етілді.

Куәлік Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында машиналарды басқаруға құқық береді. «А», «В» және «Г» санаттарында рұқсат беру белгілері бар куәлігі бар адамдар басқара алады:

1) «А» – 30 килоньютонға дейінгі класты доңғалақты тракторлармен (3,0 тарту күші) қоса алғанда;

2) «В» – шынжыр табанды тракторлармен;

3) «Г» – өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналары;

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz