18.10.2023 ж.сағат 13.00-де 6В04207 Сот-прокурорлық қызмет, 6В04202 Құқықтану Білім беру бағдарламалары бойынша 1, 2 және 3 курс білім алушыларына арналған БҚИТУ СТИ құқық кафедрасының базасында қонақ дәрісі өтті.      

Орал қаласының № 2 сотының судьясы Мусаурова Г.О. «Мұрагерлік және оның құқықтық аспектілері» тақырыбында дәріс өткізді. Судья білім алушыларға мұрагерлік істер бойынша дауларды реттеу туралы, атап айтқанда, мұрагерлікке құқығы бар мұрагерлікке кіру мерзімдері, сыйға тарту шарты және өсиет туралы, жаңа мән-жайлар анықталған кезде қандай даулар туындауы мүмкіндігі және бітімгершілік рәсімдерді қолдана отырып істерді реттеу туралы айтып өтті. Ол азаматтық істер бойынша даудың негізгі элементіне ерекше назар аударды. Сабақ соңында білім алушылар сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды, пікірталас пайда болды. Кездесу соңында тыңдаушылар судьяға қызықты және танымдық сабақтары үшін ризашылықтарын білдірді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz