2023 жылдың 18 қазанында ЮР-21 тобының білім алушыларына топ жетекшісі аға оқытушы, з.ғ.м. А.Ж.Сарсенова «Ойынқұмарлық – тәуелділік» атты кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: білімалушылардың қазіргі уақыттағы ойын мәселесі туралы түсінігін қалыптастыру, ойынның бар кемшіліктерін түсінуін дамыту, адамгершілік мәдениетіне тәрбиелеу.

Кураторлық сабақ барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Руслан Бергеновтың қолдауымен түсірілген «Одержимость» деректі фильмі көрсетілді. Фильмде құмар ойынға салынған шынайы кейіпкерлердің оқиғасы баяндалады. Құмар ойындардан келетін қауіп үлкен екені талай айтылып жүр. Мұндай ойын түрі заман құбылған сайын түрленіп, зияны да ұлғайып барады. Оған құныққан адам қоғамнан біртіндеп ажырап, өзгелермен байланыс орнату, тілдесу, тұлға ретінде даму секілді адами қасиеттерін жоя бастайды. Лудомания, яғни ойынға тәуелділіктің дүниежүзінде ауру ретінде қарастырылып, осыған байланысты арнайы медициналық термин де енгізілді.

Жаңа экономикалық жол біздің елімізді өмір сүру жағдайының өзгеруіне ғана емес, сонымен қатар жаңа психологиялық тәуелділіктің пайда болуына алып келді. Ойынға деген құштарлық – бұл ойын деп аталатын психологиялық тәуелділік.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz