Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде білім алушының білім траекториясын құрудағы эдвайзерлердің рөлі білім алушылардың білім беру процесінде маңызды рөл атқарады .

Эдвайзер-оқу траекториясын таңдауға (жеке оқу жоспарын қалыптастыруға) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламасын игеруге жәрдемдесетін тиісті білім беру бағдарламасы бойынша білім алушының академиялық тәлімгері болып табылады. Эдвайзер білім алушылардың академиялық мүдделерін білдіреді және оқу процесін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдарды дайындауға қатысады, оларды білім алушыға ұсынады және оған жеке оқу жоспарын жасауға және түзетуге жәрдемдеседі.

2022-2023 оқу жылына арналған академиялық күнтізбеге сәйкес эдвайзерлер тіркеу кеңсесімен бірлесіп оқу процесіне сәйкес жұмыс жоспарлады, олардың негізгі міндеттері:
– Элективті пәндерге білім алушылардың уақтылы (академиялық күнтізбеге сәйкес) тіркелуін қамтамасыз ету және білім алушылардың жеке оқу жоспарларын қалыптастыру;
– Академиялық ұтқырлық бойынша оқуды ұйымдастыруға көмектесу;
– Білім алушыларды бітіруші курстардың қорытынды аттестаттауына дайындау.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz