2022 жылдың 21 қыркүйегінде сағат 15.00-де инженерлік-гуманитарлық факультетінің жалпы білім беретін пәндер кафедрасы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы – Ұлт ұстазы» тақырыбында ғылыми студенттік конференция ұйымдастырып, өткізді.
Конференцияның мақсаты – халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы студенттердің тіл білуге деген қызығушылығын ояту, патриоттық сезімін қалыптастыру. Конференция модераторы кафедраның аға оқытушысы Султангалиева А.А.
Конференция жұмысына «Сәулет», «Есептеу техникасы», «Экологиялық қауіпсіздік», «Құқықтану» мамандықтарының 1 курс студенттері қатысты.
Конференцияны жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Қадырғалиев Н.М. құттықтау сөзімен ашты.
Ең әсерлі баяндамалармен ерекшеленгендер: Өтеген Д., ЮР-11 топ «Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасы» баяндамасымен; Лайкова А.,ЮР-11 топ «Ұлт ағартушысы Ахмет Байтұрсынов» баяндамасымен; Батырова А., ЮР-11 топ “А.Байтұрсынов. Өлең”., Мұхамбетова Ж., ЮР-11 топ “А.Байтұрсынов- Алаш қайреткері ретінде”.
Конференция соңында филология ғылымдарының кандидаты, БҚИТУ профессоры Шканова Б.А. сөз алып, студенттердің тыңғылықты дайындалғанын, конференциядағы баяндамалардың мазмұнды болғанын атап өтіп, студенттерге оқуда сәттілік тіледі. Іс-шара өзара достық атмосферада өтті. Конференция қорытындысы бойынша студенттер арнайы дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.


