2026 жылдың ақпан айында БҚИТУ, Салалық–технологиялық институтының, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры Р.Б.Ширванов «Аврора» ЖШС оқу орталығының базасында «Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары» біліктілігін арттыру курстарынан өту үшін Ресей Федерациясының Самара қаласына жіберілді. Курстардың жалпы көлемі 72 сағатты құрады, онда оларды өту барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалау мен бақылауды ұйымдастыру, қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін декларациялау, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат беруді ұйымдастыру және беру тәртібі, дайындау тәртібі, ережелері мен әдістемесі бойынша шетелдік жұмыс тәжірибесі зерделенді, қауіпті өндірістік объектілер мен өзге де ұйымдардың мамандарын, қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша қайта даярлау және т.б. Тапсырылған емтихан нәтижелері бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік алынды. Курстарда алынған білім 6В11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасы бойынша біздің ЖОО-ның оқу процесін жетілдіруге көмектесетіні сөзсіз.


