Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тарих және құқық кафедрасында 26-сәуір күні Тарихты оқыту әдістемесі бойынша семинар-тренингөткізілді. Семинар-тренинг өткізуші – Орал қаласы ЖШС «125 HIGHSCHOOL»  мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, мұғалім-зерттеуші, гуманитарлық ғылымдарының магистрі –Уразов  Ержан Берікұлы. Шеберлік сабағының мақсаты «Қазақстантарихы» пәнінің оқу бағдарламасы бойынша, оқушылардың алған білімін топтық тапсырмалар арқылы бақылай отырып,  топта жұмыс жасауға баулу, командалық рухта тәрбиелеу, оқушылардың өз әріптестерінің пікірін тыңдай білуіне, алған білімдерін іс жүзінде пайдалана алуына қол жеткізу. Ержан Берікұлының материалды түсіндіру мен игертуде қолданған: «Ой қозғау», «Мағынаны тану:концептуалды карта», «Ой толғаныс», «Тарихи таным»  ойындары оқушылардың материалға қызығушылығын оятуға өте тиімді әдіс екенінін көрсетті. Тарихты білу, тарихи тәжірбие мен оның сабақтарын ұғынып түсіну, өткеннің инварианттылығы мен болашақтың баламалығын ұғыну үшін ұйымдастырылған шеберлік сабағы жоғары деңгейде өткізіліп, қатысушылар құнды мәліметтер алды. Тәжірибе алмасуға бағытталған семинар-тренингке қатысушыларға, маман дайындаушы университетпен жалпы білім беру мектептерінде оқытуды тиімді ұйымдастырушы ретіндегі мұғалімнің кәсіби құзыреттілік, шығармашылық деңгейін көтеру бағытында көмек көрсетілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz