2024 жылдың 19 қазанында Мұнай-газ инженериясы кафедрасының эдвайзерлері: С.С.Тулемисова, В.И.Кенжесова, А.К.Кадиралиев, М.Қ. Киікбаев, Е.Д.Әшімова білім беру бағдарламасының 6В07201/6В07204 – Мұнай-газ ісі мамандығының бойынша жетекшілік ететін топтармен бірге Батыс Қазақстан тарихи Өлкетану мұражайына барды. Қазақстанның көне музейлерінің бірі – Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі 1836 жылы құрылды. Музей орналасқан ғимарат 1879 жылы мавритан стилінде салынған сәулет ескерткіші болып табылады.
Облыстық тарихи-өлкетану экспозициялық залдары: археология; ортағасырлық Алтын Орда кезені және Жайық қалашығының пайда болуы; Кіші жүз тарихы; Бөкей Ордасы тарихы; Кеңестік дәуір кезеңінің тарихы; Батыс Қазақстан облысының білім мен ғылым, өнер мен мәдениет салаларының даму тарихы; этнография; Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихы.
Сахна саңлақтары Хадиша Бөкеева, Роза Жаманованың, Ақ Жайықтың Ақ Шағаласы атанған ақын Ақұштап Бақтыгерееваның сахналық киімдерін тамашалап, олар туралы сырлы әңгіме тыңдады. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің тарихы мен Жайық өңірінде дара туған әнші, сазгер Ғ.Құрманғалиев, Е.Хасанғалиев сынды өнер иелерінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы толық мәлімет алды.
Студенттер қызықты мағлұматтар алып, мұражай қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

