28.10.24 ж. “Атамекен” өнер орталығында Ақтөбе қаласының суретшілерінің көрмесінің ашылуына “Сәулет және құрылыс” кафедраның аға оқытушысы Кенжегалиева Б.А. мен бірлесіп Арх14, Арх17 топтарының студенттері қатысты .
Көрмеге қойылған жұмыстардың тақырыбы көп жанрлы, пейзаждар, портреттер, сәндік жоспардың жұмыстары болды. Қызықты май жұмыстары, өзіндік техника, тартымды гобелендер . Барлық жұмыстар-туған жердің сұлулығын дәріптеу. Көрме ешкімді бей-жай қалдырмады, суретшілер өз жұмыстарына түсініктеме берді, бұл авторлардың шығармаларының идеясы мен философиясын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

