2026 жылдың 15-сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университеті, Білім және менеджмент институты, Тарих және құқық кафедрасында жоспарға сай академиялық комитет отырысы өткізілді. Академиялық комитет отырысына кафедраның білім беру бағдарламаларының стейкхолдерлері қатысып, 6B01601/7М01601 – Тарих, 6B01602 – Тарих және қоғамтану (IP), 6B12301 – Құқық қорғау қызметі білім беру бағдарламаларын жасақтау мәселесін кеңінен талқылап, оның сапасы мен мазмұнын жаңа деңгейге көтерудің бағыттарын қарастырды.

Академиялық комитет отырысы барысында оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімі жетекшісі   A.У.Тулегенова білім беру бағдарламаларын жетілдірудің өзекті мәселелері және білім беру бағдарламаларын жаңартудың негізгі қажеттіліктері жөнінде сөз алса,  кафедра меңгерушісі Ж.Т.Ерназаров кафедраға қарасты білім беру бағдарламаларын таныстырып, кафедраның әдістемелік кеңес жетекшісі Л.А.Климова отырыстың маңыздылығы мен қазіргі таңда еңбек нарығының талаптары айтарлықтай өзгеруіне байланысты білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің нақты сұраныстарына сәйкестендірілуі тиіс екендігін және назарға алынатын бағыттарды айтып өтті.

Аталған отырысқа «SANA SCHOOL» құндылықтарга негізделген  мектеп директоры М.Г.Caпa, Ж.Досмухамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің директоры А.Ж.Қайрлиева, БҚО Жайық қалашығы тарихи- мәдени музей қорығының директоры М.Б.Ерсаев, М.Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі А.С.Жайланов, БҚО Полиция департаменті, жедел- криминалистикалық басқармасының аға криминалисті, полиция подполковнигі А.М.Малаев, Орал қалалық Полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Д.Х.Курматов қатысып, білім беру бағдарламалары бойынша өз ұсыныстарын айтты. Отырысқа қатысушылар білім беру бағдарламаларының жобасын, пәндердің мазмұны, оның ішінде өндірістік практика көлемін кеңейту бойынша ұсыныстар жасалып, еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарын ескере келе өзгерістер енгізу мәселелерін қарастырды.

Отырыс қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту бойынша негізгі ұсынымдар мен ұсыныстар тұжырымдалып, тәжірибе, тағылымдама, бірлескен ғылыми-білім беру жобалары мәселелері бойынша жұмыс беруші ұйымдарымен өзара әрекеттесу бағыттары айқындалып, тиісті өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz