2023 жылдың қазан айында кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 1 курс білім алушылары арасында университетте барлық бағыттары бойынша күндізгі оқытудың бірінші курс студенттерін бейімдеу бойынша сауалнама жүргізілді. Социологиялық сауалнама жүргізудің мақсаты: кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізудің неғұрлым тиімді нысандарын айқындау, бірінші курс студенттерінің таңдаған ЖОО-ға және дайындық бағытына бейілділік дәрежесін анықтау. Сауалнамаға 190 студент қатысты.
Қорытындылар мен ұсыныстар: сауалнама нәтижелері жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламасын таңдауға қанағаттанған білім алушылардың жеткілікті жақсы пайызын көрсетеді. Жауаптарды талдау көрсеткендей, студенттердің көпшілігі (45%) біздің факультет туралы алғаш рет Instagram арқылы білген, ал (25%) біздің факультетті жақын адамдарының (ата-аналары, достары, таныстары), “Юстадия”тестілеу орталығы арқылы 15%, мектеп арқылы 15% таңдау туралы шешім қабылдаған. Бірінші курс студенттерінің жартысынан көбі өздері оқыған мектептерде, сондай-ақ ҰБТ өткізу кезінде жарнамалық науқан жүргізілгенін растады. Студенттердің 95% – ы университеттің Instagram-да жазылды.