2022 жылдың 26.09-07.10 аралығында Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және Экология орталығы балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың педагог кадрларына арналған «Балалар мен жасөспірімдер туризмі және өлкетану бойынша үйірме жұмысын мектепте ұйымдастыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын өткізді.
Курсқа қатысушы ретінде Ұлытау, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының педагогтері, үйірме жетекшілері қатысты.
Осы шараға дәріскер ретінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Есеп және қаржы» кафедрасының аға оқытушысы Р.С. Ислямов қатысты. Дәріс сабақтары практикалық көрсету әдістерімен шыңдалды. Тәжірибе алмасу ретінде курс тыңдаушыларына өлкетану үйірмесінің бір әдісі ретінде экскурсия өткізілді.
