15 желтоқсан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік меркесіне орай «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты салтанатты кеш пен концерттік бағдарлама өткізілді.

 Шара барысында университет ректоры, т.ғ.к. Б.Т. Шакешев университеттің 25 жылдық мерекесіне орай бір топ профессор-оқытушылар құрамын Еліміздің жоғары білім беру жүйесінің дамуына қосқан зор үлесі және жоғары білікті мамандар дайындаудағы ерен еңбегі үшін марапаттады. Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының А.Байтұрсынов атындағы күміс және қола медальдарымен ф.ғ.д., профессор Мусаев Алпысбай Мусаұлы, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Даулетов Насипкали Даулетұлы, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ахметов Мереке Ғұсманұлы, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ворожейкина Ольга Игоревна, аға оқытушы Исанова Ляззат Анжановна марапатталды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамотасымен ф.ғ.к, қауымдастырылған профессор Кайыров Асан Бақиұлы, ф.ғ.к, қауымдастырылған профессор Аманбаева Зауре Жиеналиевна, аға оқытушы Қуаныш Талап Таймасұлы, педагогика саласының ардагері Шинтемирова Гүлсара Ғаббасқызы, аға оқытушы, педагогика ғылымдарының  магистрі Медресов Бауржан Адилгалиевич, э.ғ.к, қауымдастырылған профессор Суханбердина Бибигул Батыркаировна, аға оқытушы Баймуханова Балжан Кадыргалиевна, аға оқытушы Қадыржанова Жанна Елемесқызы, тіркеу бөлімінің жетекшісі Кусикбаева Лаура Закариевна марапатталды.

Орал қаласы әкімінің алғыс хатымен Суттибаев Тайман Сариевич – білім және менеджмент институтының фельдшері; Габдул Улжан Кайржановна – білім және менеджмент институтының есепшісі; Джулдыбаева Нуржамал Болатовна – білім және менеджмент институтының коменданты марапатталды. Сонымен қатар  университет ректорының Алғыс хатымен  Калкенова Гульжанат Бериковна – педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі;  Жумагулова Гульшат Амерхановна – педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі; Кушалиева Гулдана Марксқызы – қоғамдық пәндер және дене мәдениеті кафедрасының зертханашысы марапатталды.

Сонымен қатар, тәрбие ісі  жөніндегі проректор А.И. Абекешев Тәуелсіздік күні қарсаңында университетіздің қоғамдық жұмыстары мен іс-шараларына белсенді түрде қатысқан бір топ студенттерді марапаттады.

Салтанатты шара университет өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz