2023 жылдың 4-15 желтоқсан аралығында қонақ дәрістер бағдарламасы бойынша Халықаралық Заманауи кәсіптік білім академиясының “Психология және педагогика” білім беру бағдарламасының жетекшісі, профессор, психология ғылымдарының докторы Турчин Анатолий Степанович Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Білім және менеджмент институтының 7М01101 “Педагогика және психология” БББ магистранттарына арналған “Білім беру қызметінің психологиясы” курсы бойынша онлайн дәрістер сериясын өткізді.

Курстың мақсаты – болашақ педагогика және психология магистрлерін даярлау сапасын арттыру, олардың білімі мен дағдыларын кәсіби қызметте қолдану қабілеттерін қалыптастыру. Дәріс барысында профессор психологиялық шындықты танудың әдістері мен жолдарын қарастырды: зерттеу әдісінің зерттеу пәні мен танымдық міндетіне сәйкестігі, танымдық процестерді психологиялық зерттеудің негізгі әдістерінің сипаттамалары берілді, педагогикалық психологияның маңызды категориясы ретінде білімді қабылдаудың мүмкіндіктерін қарастырды. Магистранттар дәрістерде қарастырылған мәселелерге қызығушылық танытты, қазіргі білім берудегі  толғантатын мәселелер пікірталас түрінде талданды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz