2022 жылдың 19 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Педагогика және психология кафедрасында “Тәуелсіз елдің діні мен дәстүрінің сабақтастығы” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге Педагогика факультетінің 1, 2 курс студенттері және профессор-оқытушы құрамы қатынасты.
Бұл тақырып ҚР ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саяси тұрақтылығы үшін күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналуда. Бүгінгі шараның басты мақсаты ислам дінінің таралуы және оның дәстүрмен сабақтастығы жөнінде студенттерге ақпарат беру.
Дөңгелек үстелге университеттің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Абикешев А.И., факультет деканы Ажгалиев М.Қ., Орал облыстық мешітінің наиб имамы Убаев Н.И., Батыс Қазақстан облысының дін істер басқармасы, діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы, теолог Қаратай А.А., Тарих және құқық кафедрасының аға оқытушысы Шуренбаева Э.А., Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Халикова Б.Т. шақырылды.
“Ислам дінінің пайда болуы және Қазақстанда таралуы” тақырыбында “Психология” білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Талғатова Баянсұлу, “Дін мен дәстүр сабақтастығы” тақырыбында “Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу” білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Утегенова Мөлдір баяндама оқыды.
Келген барлық мамандар өз саласында дін мәселесі, жастармен жұмыс жөнінде баяндап, өз еңбектерімен таныстырды. Келген қонақтарға студенттер сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.
Берілген мәліметтер нақтыланып, пікір алмасып болған соң студенттердің жеке сенімдері мен көзқарасын қалыптастыруға арналған «Жүректен жүрекке» атты психологиялық тренингті «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Таңатар А. жүргізді.
Дөңгелек үстелді Педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Кинжекова Рысқаным Сәлімқызы қорытындылады.
Шараны ұйымдастырушылар Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары, п.ғ.м., А.З. Мамбеталиева, Б.Т. Халикова.
