25 қазан Республика күні мерекесіне арналған апталық аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен 2022 жылдың 19 қазан күні, сағат 15:00-де 207-дәрісханада «Атамекен» тақырыбында патриоттық диктант жазу байқауы өтті.
Диктант жазу байқауын өткізудің мақсаты – мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, жастарды Отанын, елін сүюге тәрбиелеу және ана тілге деген құрметін арттыру.
Диктант жұмысын жазуға университет студенттері, магистранттар және жас оқытушылардан жалпы саны 50 адам қатысты.
