2022 жылғы 19 қазанда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, инженерлік-гуманитарлық факультетінің, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасы мен Самара мемлекеттік техникалық университетінің, «Техносфералық қауіпсіздік және сапа менеджменті» кафедрасы арасында дөңгелек үстел өтті.

Серіктес университеттегі әріптестермен іскерлік әңгіме барысында білім және ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бірлескен «Стандарттау, сертификаттау және метрология» бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту, бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастыру және  педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру, студенттерді кәсіби сертификаттан өткізу сияқты маңызды сұрақтар талқыланды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша БҚИТУ-дың инженерлік-гуманитарлық факультеті мен СамМТУ–нің «Техносфералық қауіпсіздік және сапа менеджменті» кафедрасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша жол картасы аясында екі серіктес университеттер арасындағы желілік өзара әрекеттесу жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылданды.

 Осындай маңызды іс-шараға белсенді қатысқаны үшін ресейлік әріптестерімізге алғыс білдіреміз және одан әрі шығармашылық ынтымақтастыққа үміт білдіреміз!

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz