Профессор-оқытушылар құрамының сыртқы академиялық ұтқырлығы жоғары білім беруді интернационалдандырудың маңызды құралы болып табылады. Ол білім алушыларды даярлау сапасын арттыруға, академиялық байланыстарды кеңейтуге және білім беру кеңістігінің жаһандануы жағдайында бәсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыруға ықпал етеді.

2025–2026 оқу жылының екінші жартыжылдығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім беру және менеджмент институтында Тәжікстан мемлекеттік коммерция университетінің оқытушыларын тарту арқылы сыртқы академиялық ұтқырлық ұйымдастырылды. Аталған ұтқырлық Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Тәжікстан мемлекеттік коммерция университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және стратегиялық әріптестікті нығайту мақсатында іске асырылды.

Бағдарлама аясында Тәжікстан мемлекеттік коммерция университетінің оқытушылары «Экономикалық теория» және «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәндері бойынша оқу сабақтарын жүргізді.

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, бірінші проректор – оқу жұмысы жөніндегі проректор Құрбонов Абдукарим Рахимович 6В04102 – Экономика, 6В04104 – Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6В04106 – Қаржы, 6В04105 – Есеп және аудит білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттеріне «Экономикалық теория» пәнінен дәріс оқыды.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, экономикадағы цифрлық технологиялар кафедрасының доценті Салимов Назарали Сафарович 6В04105 – Есеп және аудит, 6В01601 – Тарих, 6В01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі, 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01401 – Дене шынықтыру және спорт, 6В03201 – Кітапхана ісі, 6В01201 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01501 – Информатика, 6В03101 – Психология білім беру бағдарламаларының 2-курс студенттеріне «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәні бойынша сабақтар өткізді.

Тәжікстан мемлекеттік коммерция университетінің оқытушылары Білім беру және менеджмент институтының ғылыми және академиялық өміріне белсенді түрде қатысты. Атап айтқанда, ғылыми семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, олардың барысында ғылыми идеялар алмасу, экономикалық ғылымның өзекті мәселелерін талқылау және бірлескен зерттеулердің бағыттарын кеңейту жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, шақырылған оқытушылар университеттің профессор-оқытушылар құрамымен жұмыс кездесулерін өткізіп, онда білім беру бағдарламаларын жетілдіру, оқытудың инновациялық әдістерін енгізу, сондай-ақ ғылыми және білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.