2026 жылғы 6 сәуірде 6В11201 Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі білім беру бағдарламасы студенттері үшін Орал қаласында орналасқан «Уральскагрореммаш» АҚ кәсіпорнында практикаға бағытталған сабақ-экскурсия ұйымдастырылды. Аталған іс-шара «Еңбекті қорғау» және «Өнеркәсіптік қауіпсіздік» пәндері аясында өткізілді.

Іс-шараға Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының магистр, аға оқытушылары Мұратбаева Ж.Б. және Мурзабекова Ж.А. жетекшілік етті. Оқытушылар студенттердің теориялық білімдерін өндірістік тәжірибемен ұштастыруға бағытталған әдістемелік түсіндірмелер беріп, олардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етті.

Экскурсия барысында студенттер кәсіпорынның өндірістік құрылымымен, технологиялық процестерімен, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесімен және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының нақты өндіріс жағдайында іске асырылу ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар, өндірістік алаңдарда қолданылатын қауіпсіздік техникасы, жеке қорғаныс құралдары, тәуекелдерді бағалау және алдын алу шаралары бойынша практикалық мәліметтер ұсынылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің оқу процесінде алған теориялық білімдерін нақты өндірістік ортада бекіту, еңбек қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының маңызын терең түсіндіру, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби бағыттылығын арттыру болып табылады.

Аталған іс-шара студенттер үшін үлкен тәжірибелік маңызға ие болды. Олар өндіріс мамандарымен тікелей байланыс орнатып, кәсіби сұрақтарға жауап алды, нақты жағдайларда шешім қабылдау дағдыларын жетілдірді және болашақ еңбек қызметіне қажетті тәжірибелік біліммен толықты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz