3-7 мамыр аралығында БҚО қоғамдық даму басқармасы;
«Орал студенттер альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен
жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Студенттік көктем-2023» облыстық шығармашылық фестивалі өткізілді.
Шараның мақсаты: жоғары оқу орындарының студент жастары арасында достық байланыс орнату, жас өнерпаздарды, дарынды жастарды анықтау, шығармашыл студенттердің арасында тәжірибе алмасу мүмкіндігін қалыптастыру.
Байқау келесі номинациялар бойынша өтті: «Эстрадалық ән»;
«Дәстүрлі ән»;«Аспапта орындау шебері»; «Хореография»; «Көркем сөз оқу шебері»; «Жайдарман»; «Тик-ток тренд»; «Үздік бейне ролик»; «Үздік мобилограф».
Жоғарыда көрсетілген номинациялар бойынша Батыс Қазақстан
инновациялық-технологиялық университетінің студенттері командалық III-орынға ие болды. Университет атынан осы сайсқа қатысқан келесі студенттерімізді: Жумабекова Айна («Дене шынықтыру және спорт» БББ 2 курс), Абдыгалиева Лаура («Қазақ тілі және әдебиеті» БББ 2 курс), Ергалиева Назерке («Аударма ісі» БББ 2 курс), Досжан Асылбек («Дене шынықтыру және спорт» БББ 2 курс), Жаңабаева Айнұр («Қазақ тілі және әдебиеті» БББ 2 курс), Шавдырбаев Жандарбек («Дене шынықтыру және спорт» БББ 2 курс) жеңістерімен университет әкімшілік атынан құттықтаймыз.
Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі
