Құрметті әріптестер және білім алушылар!
Баршаңызды Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 78 жыл бұрын әкелеріміз бен аталарымыз майдан даласында от кеше жүріп, ұрпағының бейқам өмірі үшін асқан қаһармандықпен айқасып, Ұлы Жеңіс жалауын желбіретсе, аналарымыз бен әжелеріміз тыл тереңінде жанқиярлықпен еңбек етіп, осынау қастерлі күнді жақындатуға орасан зор үлес қосты. Сондықтан да бұл күн – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен өміріміздің гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Баршаңызды осынау қасиетті мейраммен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Отанымыз аман, аспанымыз ашық, өміріміз бейбіт болып, тұтастығымыз бен бірлігіміз нығая берсін!

Құрметпен,
Ректор Бекболат ШАКЕШЕВ

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz