2023 жылдың 15-сәуірі мен 6-мамыры аралығында БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшілігімен университеттер арасында спорттың 9 түрінен лига жарысы өтті. Батыс Қазақстан инновациялық-технологилық университеті жалпы командалық есепте 1-орын алды. Жеке спорттың келесі түрлері бойынша БҚИТУ төмендегідей орындарға ие болды:
Қазақ күресі – 1-орын;
Асық ату – 2-орын;
Тоғызқұмалақ – 2-орын
Үстел теннисі – 2-орын
Баскетбол (ұлдар) – 3-орын;
Баскетбол (қыздар) – 2-орын;
Волейбол (ұлдар) – 1-орын;
Волейбол (қыздар) – 3-орын;
Мини-футбол – 2-орын;
Шахмат – 1-орын;
Қол күресі (ұлдар) – 1-орын
Қол күресі (қыздар) – 2-орын.
Спортшыларымызды байрақты бәсекедегі жеңістерімен құттықтаймыз!