2025 жылдың 2-сәуірінде БҚИТУ студенттері Астана қаласының Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Арман Нұрахметұлымен және Орал қаласының ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Асылбек Жанболатұлы Наурызовпен кездесті. Шара мақсаты – студенттердің рухани және әлеуметтік білімін жетілдіріп, олардың зайырлылық қағидатының қоғамдағы рөлін терең түсінуіне ықпал ету.
«Зайырлылық қағидаты – Қазақстан Республикасының болашағының кепілі» тақырыбында өткен бұл семинарда зайырлылық ұстанымдарының маңызы, дін мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы, сондай-ақ жастардың діни сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Семинар барысында студенттер тақырыпқа қатысты өз сұрақтарын қойып, дін саласындағы мамандардан тұшымды жауаптар алды.
