2025 жылды 2-сәуірінде «Аутизм туралы ақпараттандыру» күні аясында Аутизмі бар балаларды қолдау орталығының жетекші мамандары БҚИТУ-дың 6B03101–Психология, 6B01101–Педагогика және психология, 6B01201–Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6B01301–Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі білім бағдарламасының студенттеріне дәріс оқыды.
Орталық маманы Б.К.Галиева «Аутизм. Баршамызға бір әлем» тақырыбында аутизмі бар балаларды түсіну, оларды оқыту мен тәрбиелеу жолдары туралы баяндаса, Ж.Эсенгулова «Диагностическое обследование детей с рас с помощью методики ADOS» тақырыбында сөз алып, аутизмді диагностикалаудың заманауи әдістері мен ADOS әдістемесі туралы түсінік берді.
Қонақ дәрісін Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің жетекшісі, аға оқытушы Б.Н. Амангелдиева ұйымдастырды.
Шара аутизм тақырыбы бойынша қоғамда түсінік қалыптастыруға және инклюзивті білім беру жүйесін дамытудағы маңызды қадам болды.

