Қыркүйектің 20- 21 күндері БҚИТУ акт залында қала күніне арналған «Жайық күзі» атты ашық шахмат турнирі өтті. Жарысқа Орал қаласынан, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Теректі, Бәйтерек аудандары мен Ақтөбе облысынан 66-дан астам мықты спортшылар қатысты. Турнирге сонымен қатар мектеп оқушылары, студенттер, ардагерлер, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Қатынасушылар арасындағы  бәсеке тартыста бірінші орынды рапид және блиц бойынша БҚИТУ-дың колледж студенті Дмитрий Данилов жеңіп алды; қыздар арасында  11 жасар Қамбар Әмина рапид атағын жеңіп алды;  9 жасар Галиева Тоқжан блиц титулын жеңіп алды. Турнирді ұйымдастырушы және қатысушы профессор Н.М.Қадырғалиев рапид және блиц бойынша «Үздік сенор» номинациясын жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді университет ректоры, қауымдастырылған профессор Б.Т. Шәкешев  дипломдармен марапаттады.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.