2026 жылғы 16 сәуірде энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының студенттерімен жиналыс өтті. Жиналыс барысында студенттердің үлгерімі, сабаққа қатысуы және академиялық тәртібі мәселелері қарастырылды.

Студенттерге алдағы емтихан сессиясына және қорытынды аттестацияға дайындық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқу тапсырмаларына қойылатын талаптар мен өздік жұмысты тиімді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар білім алушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері талқыланып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстарды жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Интеграцияланған әлеуметтік GPA енгізу мәселесіне ерекше назар аударылып, оның академиялық және студенттердің қоғамдық белсенділігін бағалаудағы маңызы түсіндірілді.

Кездесу барысында студенттер мен оқытушылар, эдвайзерлер арасындағы өзара байланыстың маңыздылығы атап өтілді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, оқу үлгерімін жақсарту бойынша ұсыныстар алды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz