2026 жылы 15 сәуірде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, Салалық технологиялар институтының, ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және Самара мемлекеттік техникалық университетінің, техносфералық қауіпсіздік және сапаны басқару кафедрасының оқытушыларымен бірлесіп ұйымдастырылған «Сапаны басқару» тақырыбындағы ғылыми-практикалық семинарға қатысты.
Семинарды БҚИТУ, ветеринаря және техносфералық кафедрасының меңгерушісі, х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Байтлесова Лаура Ильясовна және СамМТУ-нің техносфералық қауіпсіздік және сапаны басқару кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д, профессор Васильев Андрей Витальевич құттықтау сөзімен ашты.
Іс-шара аясында ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушылары: Санталина Г.А. «Ауыл шаруашылығы жануарларының етінің сапасына әсер ететін факторларды талдау» тақырыбында және Утарова М. М. «Итмұрын ұнтағының нан мен нан-тоқаш өнімдерінің сапасына әсері» атты баяндамасымен сөз сөйледі.
Семинар барысында көптеген сұрақтар мен сындарлы диалог, пікір алмасу және кәсіби тәжірибе үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Осындай халықаралық іс-шараларды өткізу серіктестік байланыстарды нығайтуға және Қазақстан мен таяу шет елдердің жоғары оқу орындарының оқытушылары арасындағы тиімді өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.


