2025 жылдың 1 қарашасында Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасы жатақханада «Біз тату тұрамыз!» атты тәрбиелік іс-шара – квиз ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты – студенттер арасында қарым-қатынас мәдениетін, өзара құрмет пен ізгілікті, сондай-ақ ұжымдағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.

Ойын барысында қатысушылар командаларға бірігіп, достық, толеранттылық және өзара көмек тақырыптарына байланысты сұрақтарға жауап берді. Интеллектуалды тапсырмаларды орындау кезінде студенттер өздерінің білімін, тапқырлығын және бір-бірін тыңдап, қолдау көрсету қабілеттерін көрсетті. Квиз жылы әрі достық атмосферада өтті, жатақханада тұратын студенттердің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Бұл квиз тек қызықты интеллектуалды сайыс қана емес, сонымен қатар кафедраның тәрбиелік жұмысының маңызды бөлігі болды. Ол студенттер ұжымының ұйымшылдығын арттыруға және жатақханада жайлы, ізгі ортаны қалыптастыруға бағытталды. Қатысушылар көптеген жағымды эмоциялар алып, жақсы көңіл-күй мен сергектікке бөленді!

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz