Волейбол – екі команда тормен бөлінген алаңда ойнайтын спорт түрі, допты қарсыластың алаңына қарай бағыттауға тырысады, осылайша ол қарсыластың алаңына (еденге) түседі немесе қорғанушы команданың ойыншысы қателеседі.

Кафедраның жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 30 қазанында жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушылары Б.Б.Шалаев пен М.М.Утебалиев Салалық технологиялар институтының 1-3 курс студенттері арасында волейболдан чемпионат ұйымдастырып, өткізді. Жүлдеге тоғыз команда таласты.

Жігіттер арасында 1- дәрежелі дипломды «Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс студенттері жеңіп алды (АРХ-13 тобы).

2-дәрежелі дипломмен ЭЛ-11 тобының студенттері, 3-дәрежелі дипломмен 6В07105 «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттері (АУ-21 тобы) марапатталды. Қыздар арасында 1- дәрежелі дипломды «Сәулет» білім беру бағдарламасы бойынша бірінші курс студенттері жеңіп алды (АРХ-22 тобы). 2- дәрежелі диплом АРХ-16 тобының студенттеріне, ал 3- дәрежелі диплом 6В09102 «Ветеринария» мамандығының (ВЕТ-11 тобы) студенттеріне берілді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz