2025 жылдың 31 қазан күні Салалық технологиялық институты, Көлік және технологиялар кафедрасының 6В07104 – «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» (салалар бойынша),  6В11301 – «Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 6В07101 – «Көлік, көліктік техника және технологиялар» БББ білім алушылары және оқытушылар Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне танымдық сапар жасады.

Бұл экскурсияның басты мақсаты – студенттердің таным көкжиегін кеңейту, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасымен тереңірек танысу, теориялық білімді өмірмен ұштастыру және ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.

Музей төріндегі көне жәдігерлер мен тарихи экспозициялар жастарды өткен ғасырлар қойнауына жетелеп, олардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік пен рухани байлыққа деген қызығушылықты арттырды.

Іс-шара ерекше әсер мен жылы эмоцияға толы жағдайда өтіп, студенттер үшін ұмытылмас танымдық тәжірибе сыйлады. Бұл сапар олардың жүрегінде отансүйгіштік сезімін оятып, ел тарихына, дәстүріне және жетістіктеріне деген құрметті тереңдете түсті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz