2026 жылғы 3-ақпанда қаржы және экономика кафедрасының магистрі, аға оқытушы Салимбаева Шолпан Дисенбаевнаның ұйымдастыруымен «Қаржылық сауаттылық негіздері» пәнінен педагогикалық, бизнес және басқару білім беру бағдарламаларының білім алушыларына арналған «Жеке қаржы: кірістер, шығыстар, бюджет, инвестициялар» тақырыбында практикаға бағытталған дәріс өткізілді. Практикаға бағытталған сабақты «Freedom Global PLC» жария компаниясының клиенттермен жұмыс жөніндегі аға менеджері Беккалиева Эльвира Зейнуловна жүргізді.
Дәріс барысында білім алушыларға жеке қаржыны тиімді басқару, табыстар мен шығыстарды жоспарлау, жеке бюджетті қалыптастыру және қаржы құралдары арқылы инвестициялау мәселелері бойынша теориялық және практикалық маңызы бар ақпарат ұсынылды. Сабақ интерактивті форматта өтіп, студенттер белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Практикаға бағытталған дәріс жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өтіп, білім алушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.

