2022 жылдың 23 желтоқсаны Батыс Қазақстан инновациялық‑технологиялық университеті, Педагогика факультетінің Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Б.К.Баймуханова мен Ж.Е.Кадыржанованың ұйымдастыруымен «Педагог-психологтарды дайындаудың қазіргі заманғы тенденциялары: мамандырулар мен қызмет бағыттары» атты әдістемелік семинар өткізілді.
Әдістемелік семинарда қазіргі заманғы педагог-психологтарды кәсіби дайындаудың мамандырулары мен өзекті қызмет бағыттарын талқылау және білім беру бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар беру мәселелері туралы талқыланды.
Әдістемелік семинарға университеттің профессор‑оқытушылық құрамы, студенттер қатынасты және қалалық мекемелерден педагог‑психолог мамандар шақыртылды. Атап айтсақ, Батыс Қазақстан облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңестің жоғары санатты психологі – Шуйншалиева Сауле Адилгереевна, Орал қаласындағы «Отбасы» орталығының психологі ‑ Шукирбаева Индира Жоламановна, ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы ТжӘҚЖ басқармасының аға офицері, психологі ‑ Рашев Берик Беймбетович, «Қазақ Психологиялық Қоғамы» РҚБ мүшесі, психолог-практик, Д.Қонаев ат. №44 мектеп-гимназиясының педагог-сарапшысы, педагог-психологі ‑ Баян Айболат Ерболатұлы, Орал қаласындағы ШЖҚ №6 қалалық емхананың психологі ‑ Биялиева Айзада Нурболатовна. Шақырылған әріптестер әдістемелік семинар тақырыбына байланысты бәсекеге қабілетті педагог‑психолог мамандарды даярлау мәселесіне қатысты өзекті ой‑пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Әдістемелік семинар модераторы п.ғ.к., қауымдастырылған профессор ИргалиевА.С.
«Педагог-психологтарды дайындаудың қазіргі заманғы тенденциялары: мамандырулар мен қызмет бағыттары» тақырыбында өткен әдістемелік семинар жаһандану дәуірінің мамандарын даярлау бағытындағы жаңа идеяларды ортаға салды.
