2023 жылдың 10 қаңтарында Батыс Қазақстан Инновациялық-Технологиялық Университетінің Тілдер және менеджмент факультетінің «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасы «Ғылыми семинарлар апталығы» аясында «Білім беруде заманауи оқыту үрдістерінің талаптары мен тиімділігі» атты дөңгелек үстел өткізді.
Шараның мақсаты – шет тілдерін оқытудың заманауи талаптары, инновациялық білім берудің бағдарламалары мен бағыттары, болашақ мұғалімдерді даярлауда озық технологиялар мен әдістемелер қолдану, ұстаздардың біліктілігін арттыру жолдары, оқытудағы өзекті мәселелер және олардың шешімдері, мектептегі мұғалімнің ролі, дуальды білім беру жүйесінің тиімділігі, түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету.
Дөңгелек үстелге Облыстық білім басқармасының, «Өрлеу» БАҰО БҚО, Қазақстандық ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының (KazTEA) өкілдері, №42, 44, 6, 38 мектеп-гимназиялардың, Эстетикалық бағыттағы гимназия басшылары мен ұстаздары, Назарбаев Зияткерлік мектептің, «Дарын қосымша білім орталығы» МКҚХ өкілдері үздік мамандары қатысты.
